Құрметті металлургия саласының қызметкерлері!

Құрметті металлургтер!

Сіздерді Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлытау даласы — Қазақстан металлургиясының алтын бесігі. Қазақ мысының қара шаңырағы атанған Қарсақбай – төрткүл дүние алдындағы мақтанышымыз.

Бүгінгі күні ғасырға жуық тарихы бар Жезқазған мыс қорыту зауытында 2200-дей қызметкер еңбек етіп келеді.

Ал Қарсақбай мыс балқыту зауытында 150 азамат жұмыс істеуде. Ұжымда айына 80-нен астам өнім түрін, 40 тоннаға жуық өнім шығарады. Өнімділік жылына 300 мың тоннаны құрайды. Бүгінде зауыт 10 цехтан тұрады.

Қадірменді ерен еңбек иелері!

Сіздерге кәсіби мерекелеріңізде мықты денсаулық, еңбекте жеміс, қажыр-қайрат тілеймін! Отбасыларыңыз аман болсын!

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.