Құрметті медицина қызметкерлері! Қымбатты сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қай заманда болсын, халық денсаулығының сақшылары, мына сіздер, жанқиярлықпен еңбек етіп келесіздер. Жылдың қай мезгілі, тәуліктің қай сәті болсын, жаны қиналып жатқан адамға көмек көрсетуге дайын тұрасыздар. Бұл – ақ халатты абзал жандардың антына адалдығының айғағы.
Бүгінгі таңда Ұлытау ауданы бойынша медицина саласында бірқатар көңілге қонымды жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта аудан орталығында жаңа аурухана пайдалануға беріледі. Қаракеңгір мен Сарысу ауылдарында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қоскөл, Байқоңыр, Мибұлақ және Терісаққан ауылдарында құрылысы аяқталған нысандарды биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға баянды бақыт, мықты денсаулық, молшылық тілейміз.
Халық денсаулығын қорғаудағы тынымсыз еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мерекелеріңізбен, ақ халатты абзал жандар!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.