Құрметті медицина қызметкерлері! Қымбатты сала ардагерлері!

Құрметті медицина қызметкерлері! Қымбатты сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қай заманда болсын, халық денсаулығының сақшылары, мына сіздер, жанқиярлықпен еңбек етіп келесіздер. Жылдың қай мезгілі, тәуліктің қай сәті болсын, жаны қиналып жатқан адамға көмек көрсетуге дайын тұрасыздар. Бұл ақ халатты абзал жандардың антына адалдығының айғағы.

Бүгінгі таңда Ұлытау ауданы бойынша медицина саласында бірқатар көңілге қонымды жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта аудан орталығында жаңа аурухана салынады. Жезді кентіндегі орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаракеңгір мен Сарысу ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт осы жылдың шілде айында пайдалануға беріледі. Бұдан тысқары, дәл осындай құрылыс нысандарын Қоскөл, Байқоңыр. Мибұлақ және Терісаққан ауылдарында салып, биылғы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Үстіміздегі жылдың жағымды жаңалығының бірі аудан орталығындағы Жедел жәрдем станциясына және Жезді кентіндегі ауруханаға жедел жәрдем көлігі берілуі.

Біз аудан халқының атынан, Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызга баянды бақыт, мықты денсаулық, молшылық тілейміз.

Халық денсаулығын қорғаудағы тынымсыз еңбектеріңіз жемісті болсын! Мерекелеріңізбен, ақ халатты абзал жандар!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.