Құрметті медицина қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.
Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі – өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал, оның иесі болу – үлкен мәртебе.
Денсаулық саласы кез-келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан да ақ халатты абзал жандар қоғамның басты байлығы – адам денсаулығын сақтау жолында өздерінің бар жауапкершілігін
сезіне жүріп, аянбай еңбек сіңіруде. Мұқтаж жандардың қиналғанда жанынан табылып, оған күш-қуат пен үміт сыйлау, ұлт денсаулығын қорғау – ақ халатты абзал жандардың еншісіндегі қасиетті міндет, асыл парыз.
«Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Сондықтан біз бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып қала бермек. Келешек ұрпақтың болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің негізгі парызымыз.
Біздің тарапымыздан барлық медицина қызметкерлеріне, сала ардагерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да халықтың ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз. Шипалы қолдарыңыздан емін тапқан азаматтар көп болсын!
Сіздерге ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.