Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары!
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 979 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Ұлытау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігі Сауда Комитетінің Ұлытау облысының Сауда департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылғанын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығына сәйкес Департаменттің басшысы лауазымына Ахметов Жеңісбек Алпамысұлы тағайындалды.
Департамент Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер 35 мекенжайында орналасқанын назарларыныңызға жеткіземіз.