Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Конституция – кез келген мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін бекемдейтін, мемлекеттік билік органдарының қызметі мен ұстанымын айқындайтын, азаматтардың міндеті мен еркіндігін белгілейтін негізгі заң. Бір сөзбен айтқанда, қолданыстағы барлық заңның қайнар көзі.
Қазіргі қолданыстағы Ата заңымыз – 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Заң.
ҚР Конституциясы – адамзат баласының құқығын қорғауды көздейді. Оны жүзеге асыру мақсатында Ұлытау облысында биыл адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды.
Құрметті жерлестер!
Басты құжат – біздің ар-намысымыздың қорғаны, адалдықтың кепілі. Төл мерекемізде баршаңызға мықты денсаулық, бақытты өмір, берекелі дәулет, жарқын болашақ тілейміз.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.
Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ,
Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы.