Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!  

Баршаңызды еліміз үшін ардақты, халқымыз үшін қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата-бабаларымыз аңсап өткен азаттықтың ақ таңы атқанына биыл отыз үш жыл толып отыр. Осынау уақыт аралығында еліміз көптеген биік белеске қол сермеп, айқын мақсаттарын жүзеге асырып келеді. Егемендіктің арқасында жеткен әр жетістігіміз – көзіміздің қарашығындай қадірлі.

Қадірменді жерлестер!
Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қадірлі мекеніне айналған Ұлы далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін.
Мерейлі күн қарсаңында бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.