Құрметті «Ұлытау» газетінің ұжымы!
Сіздерді төл газетіміздің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
«Ұлытау» – тарихы терең басылымдардың бірегейі.
Өткен 80 жыл ішінде газет аудан халқымен бірге қалыптасты, өсті-өркендеді, қиын-қыстау жылдар мен қайта жаңғыру кезеңдерінен де бірге өтті. Басылым ауданның тыныс-тіршілігін, жаңалықтары мен жетістіктерін жариялап, Ұлт ұясы – Ұлытау өңірінің айнасына айналды.
Бұл ұжымда майталман журналистер еңбек етіп, халық үн жариясының іргесін нығайтты. Жас тілшілердің қанаты қатайып, қаламы ұшталып, биік белестерге қадам басты. Замананың жаршысы бола білген газет тәуелсіз еліміздің, аудан өмірінің шежіресін айшықтады.
Басылым ұжымына шығармашылық табыс, берекелі тірлік тілейміз.
Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, ойларыңыз ұшқыр, қаламдарыңыз үшкір бола берсін!
Құрметпен, «Ұлытау» қорық-музейінің ұжымы.