Құрметті «Ұлытау» газеті редакциясының ұжымы мен ардагерлері!
Жезқазған аймақтық «Saryarqa» газеті атынан Сіздерді басылымның 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
«Ұлытау» газеті әр жылдары киелі өңірдің күнделікті тыныс-тіршілігін тасқа басып қана қоймай, өңір журналистикасында бірнеше буынды тәрбиелеген үлкен мектеп бола білді.
Аймақтағы бай тарихы бар басылым бүгінде жаңа заман талабына сай оқырман қажеттілігін өтеуде. Ұлытау-Жезқазған өңірінде жүзеге асып жатқан туристік жобалардың ауқымын ескерсек, газет аймақтың ғана емес, тұтастай республика жұртшылығының рухани серігіне айналу әлеуетіне ие.
Бүгінгі мерекеде басылым ардагерлерін, ұжымның барлық қызметкерлерін құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Ұлытау аймағының даңқы артып, «Ұлытау» газеті жасай берсін!
Құрметпен,
Дархан МҰХАН,
Жезқазған аймақтық «Saryarqa» газетінің бас редакторы.