ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды егемен еліміздің Ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тəуелсіздік – Тəңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мəңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тəуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміз шекарасы бекітіліп, халықаралық аренада мемлекетіміздің беделінің өсуіне бағытталған шаралар жүзеге асты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында «Қазір бізге Тəуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз» – деп атап өткен болатын.
Біздің бүгінгі мақсаттарымыз бен міндетіміз тұрғындарымыздың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған.

Құрметті жерлестер!

Тəуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Біз еркіндігімізді əрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
Елдің даму көшінде ұлытаулықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нəтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары дамып келеді. Əр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар.
Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың төрағасы.