Құрметті əлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Əлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер күн сайын адамдарға өмірде кездесетін қиындықтармен күресуге көмектесіп келесіздер.

Азаматтардың қайғылары мен қиындықтарын еш жат санамай, оларды үнемі бірге еңсеруге бар күш-жігерлеріңізді салатындарыңыз баршамызға аян.

Əлеуметтік қорғау жүйесін дамыту бағытында аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін тер төккен сала мамандары қашанда құрметке лайық.

Көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар жəне өзге де өмірдің түрлі қиыншылықтарына тап болған адамдар Сіздердің бойларыңыздағы мейірімділік пен қайырымдылық, төзімділік жəне əрдайым қолұшын беруге дайын тұратын елгезектік сияқты адами қасиеттеріңіздің арқасында өз мүмкіндіктеріне сеніп, қиындықтарды жеңіп келеді.

Құрметті сала мамандары!

Сіздер əлемдегі ең ізгі əрі қиындығы мол қызметте еңбек етіп жүрсіздер. Қызметтеріңіз жоғары біліктілікті, таңдаған кəсіптеріңізге адалдықты, төзімділік пен мейірімділікті талап етеді.

Орайлы сəтте сол жанкешті еңбектеріңіз бен халықтың əлеуметтік осал тобына деген ыстық ықыластарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Баршаңызды кəсіби мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-береке, аудан тұрғындарының əл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріңізге мол табыс тілейміз.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

 Ұлытау ауданының əкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

 аудандық мəслихаттың хатшысы