Құрметті баспасөз саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Өйткені, қазіргі заманды ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан біз әр уақытта телеарналар мен радио, мерзімді баспасөз басылымдарының қызметкерлерін, жалпы алғанда, әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық БАҚ өкілдерін құрмет тұтамыз.

Аудандық «Ұлытау» газеті қай кезде болсын, орын алған оқиғаларға дер кезінде назар аударатын, өз ісіне адал, терең пайымды ақпарат құралы болып келеді. Қазіргі уақыттың әр өзекті сауалдарын көтеруде. Тәжірибесі терең, тағылымы бас басылым қызметкерлері сол талап үдесінен әлі де шыға береріне күмәнсіз сенеміз. Өйткені, билік өкілдері де, қалам ұстаған қауым да халық мүддесіне қызмет етеді. Бізді біріктіретін ортақ меже – тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз етіп, әл-ауқатын бұрынғыдан да арттыра түсу.

Кәсіби мейрам иелеріне еселі еңбектері үшін алғыс айтамыз. Сол еңбектеріңіз қоғамды одан әрі нығайтып, ақпараттың ауқымдылығын арттыра түсеріне сенеміз.

Баршаңызға бақытты ғұмыр, толайым табыс, шығармашылық жетістік тілейміз!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.