Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – жаздың алғашқы күнімен келетін, балғын буын үшін ең қуанышты және жыл сайын асыға күтетін мереке.
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекет пен қоғамның басты мақсаты – елге ие болатын білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Сондықтан, бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын жас ұрпақпен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.
Бүгінгі күні алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға барынша жағдай жасау. Бала бойындағы жаңа мүмкіндіктерді ашу. Сол себепті, біз балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақытта балалардың тиісті күтімі мен қамқорлық көруіне мүдделік танытып келеміз. Елімізде жеткіншектердің білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдайлар жасалған.
Қымбатты балалар!
Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сіздерсіздер. Сондықтан да, сапалы білім алып, дәулетті жеріміздің сәулеті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуға талпынуларыңыз керек.
Жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңызға тілектеспіз! Болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.