Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері! Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз бұл мерекені ауыл шаруашылығының түрлі саласында еңбек ететін – мал шаруашылығымен айналысатын, егін егетін, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс істейтін, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің жемісі деп білеміз.

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Тәуелсіздік алғаннан берідегі елдігіміз еселеніп, мемлекеттігіміз нығая түскен кезеңде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, тер төккен баршаңызға ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Мерейлі сәтте Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Қамбаларыңыз астыққа толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін! Тәуелсіздігімізді баянды етіп, қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда  қажымас қайрат пен толайым табыс серік болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.