Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке әр жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің жемісі деп білеміз.
Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. «Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, тер төккен баршаңызға ауданымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңізбен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Осы мерейлі мереке күні Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін! Тәуелсіздігімізді баянды етіп, қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда қажымас қайрат, толайым табыстар тілейміз!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.