ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де жеттік. Ораза айт – кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Әрбір шаңыраққа қуаныш пен бақыт әкелетін мерейлі мереке – Ораза айтпен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз. Ораза айт мерекесінде жасаған барлық ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
Халқымыздың береке-бірлігі мен ырыс-несібесі әрдайым арта берсін!
Ораза айт құтты болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.