Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дәл осы күні 1 желтоқсанда Қазақ елінің Тұңғыш Президенті сайланып, мемлекеттің дамуына оң ықпал еткен президенттік институты өмірге келді. Сондықтан, бұл – қоғамдық-саяси тұрғыдан алып қарағанда, өзіне тән сипатымен ерекшеленетін мереке.
Тәуелсіздік жылдары кемеңгер Елбасының тереңнен толғаған, сапалы реформаларының нәтижесінде қоғам түбірімен қайта түлеп, жаңғырды. Мүмкін еместі жүзеге асырған, мызғымас шекарасы халықаралық деңгейде мойындалған, өтпелі кезеңде күйзелістен
аман шыққан, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нарықтық экономиканың қазақстандық үлгісін қалыптастырған еліміздің жетістіктері Тұңғыш Президенттің ерен еңбегінің нәтижесі екенін атап өткен жөн. Бүгінгі күні саяси тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді басты құндылық ретінде ұлықтап, нығайтып келеміз. Біздің еліміз ұстанған айқын бағытымен, ізгілікке құштарлығымен әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алды.
Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті, дара тұлғаның қоғамға сіңірген ерен еңбегін лайықты бағалай білу – баршамыздың парызымыз.
Мерейлі сәтте баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, бейбіт және бақуатты ғұмыр тілейміз.
Отанымыз – Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті бола берсін!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.