Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1990 жылы бұл күні Республикамыздың егемендігі туралы Декларация қабылданып, ол Тәуелсіздікке батыл бет бұрған жас мемлекетіміздің өміріндегі ұлы оқиға болғаны анық. Сондықтан, осы күн бүкіл еліміз үшін ең қастерлі күн ретінде саналады. Бүгінгі күні еліміз экономикасы өркендеген, әлеуметтік салада үлкен жетістігі бар Халықаралық қауымдастықтан өзінің лайықты орнын алған әлемдік өркениет нарықтық қатынасты берік ұстанып, экономикасы мен мәдениеті дамыған, бейбітшілік пен тұрақтылығы салтанат құрған егемен елге айналып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында 25 қазанның қазақ тарихындағы маңызды күн екенін ерекше атап өтіп, бұл тарихи оқиғаны Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам екенін жеткізді. Осылайша, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізін қалаған күн өзінің лайықты бағасын алды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетті.
Қадірлі ұлытаулықтар!
Халқымыздың арманы орындалған Ұлы күні – Ұлттық мерекеміз баянды болсын. Баршаңызды ұлық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
Егемен еліміздің мерейі өсіп, мәртебесі көтеріле берсін!
Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, береке мен бірлік, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.