Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі – киелі», – дейді дана халқымыз. Елдің талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы. Аз ғана уақыт ішінде Қазақстанның Ата Заңы өзінің заман талабына лайықты екенін көрсетті. Бүгінгі таңда жаңартылған Конституция негізінде елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптасуда. Қабылданған заңдар қоғамдық қатынастарды реттеп, еліміздің əлемдік деңгейдегі орны жоғарылауына ықпал етіп отыр.

Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның рөлі өте зор. Мұның бəрі – Ата Заңымызда бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін қоғамдық жəне саяси өмірде нық ұстанудың нəтижесі.

Қазақстанның əр азаматы еліміздің Негізгі Заңының асқақ рухы мен маңызын, оның қалыптасу тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу арқылы біз өз Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз жəне еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, оны ардақтау – əр азаматтың асыл парызы.

Сіздерді мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, əр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың төрағасы.