Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – еліміздегі мемлекеттік мерекелер арасындағы өзінің қоғамдық-саяси маңызы тұрғысынан алып қарастырғанда, өзіне тән сипатымен ерекшеленетін мереке.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданып, еліміз егемендігін жариялады. Жас мемлекет тізгіні кемел саясаткерлердің бірі әрі бірегейі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырылды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, кемеңгер Елбасымыздың тереңнен толғаған, сапалы реформаларының нәтижесінде қоғамымыз түбірімен қайта түлеп, жаңаша жаңғырды. Тәуелсіздік жылдарында мүмкін еместі жүзеге асырған, мызғымас шекарасы халықаралық деңгейде мойындалған, өтпелі кезеңде күйзелістен аман шыққан, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нарықтық экономиканың өзіндік қазақстандық үлгісін қалыптастырған еліміздің жетістіктері Елбасымыздың ерен еңбегінің нәтижесі екенін атап өткен жөн.
Елімізде саяси тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық және конфессия аралық келісімді басты ғұмырлық құндылық ретінде ұлықтап, нығайтып келеміз. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде біздің еліміз ұстанған айқын бағытымен, ізгілікке құштарлығымен әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алды.
Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де, Елбасымыздың қоғамға арнаған ерен еңбегін бағалай білу – баршамыздың парызымыз.
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге ынтымақ, бірлік тілейміз!
Еркін, тәуелсіз елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік бола берсін!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Талғат СЕЙТЖАНОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.