Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын бүкіл əлемге танытқан қанқұйлы соғыс болса, Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың сол ерлігін мəңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

 

Ұлы Жеңіс біздер үшін айрықша қымбат. Бұл шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті, мұқалмас ержүректі халық арасындағы келісім мен достықты бейнелейтін тарихымыздың ұмытылмас беті болып саналады.

«Ерлік ескірмейді» дейді дана халқымыз. Ел болашағы үшін жанын қиған боздақтар мен соғыс жылдарында тылда тынымсыз еңбек еткен жандардың жанқиярлық ерліктерін ешқашан естен шығармауға тиіспіз. Тыл еңбеккерлері де Жеңісті жақындатуға үлкен үлес қосты.

Бүгінгі мерекеде барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Əлімбек ЖАНДАРБЕКОВ,

Ұлытау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.