Құрметке кенелді

Аудан орталығында Халықаралық қарттар күні аталып өтті. Мазмұнды шараға аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ қатысып, қазыналы қарттарымызды мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық тіледі. Өз кезегінде аудан басшысы ауыл ардагерлері Қаныш ЕРШҰМАНОВ пен Сәрсен БЕКТЕМІСОВТЫ Құрмет грамотасымен марапаттады.

Бұдан кейін аудандық ауылшаруашылығы қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Шаяхмет Үмбетов марапаттау рәсімін жалғастырып, Қияқбай Сәрсенов пен Әлімбек Жандарбековке ҚР «Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісін тапсырды. Сонымен бірге, «Ақбұлақ» шипажайына баруға бір жолдаманы ардагерлерге ұсынды. Шипажайға баратын ардагерді ауыл ақсақалдары өзара шешетін болды.

Мереке аясында дойбы, шахматтан ардагерлер сайысқа түсті. Екі сағатқа созылған бәсекеде мықтылар анықталды. Нәтижесінде дойбыдан І орынды Серік Баймағанбетов, ІІ орынды Қаңтарбай Ділімбетов, ІІІ орынды Әділбек Балдуов иеленді. Ал, шахматтан І орынды Есенғали Әбжамалов, ІІ орынды Сәрсен Бектемісов, ІІІ орын Ыбырахым Байболовқа бұйырды. Жүлделі орындарға ие болған ардагерлерді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Оразалин марапаттап,мерекелік сыйлықтар менграмоталарды табыс етті.