ҰРЛЫҚ ТҮБІ – ҚОРЛЫҚ
Ұлытау ауданында ағымдағы жылдың өткен мерзімінде ұрлық қылмысы жиілеп бара жатқандықтан, аудан тұрғындарымен ұрлықтың алдын алудағы сақтық шараларын жүргізу қажет деп есептейміз.
Жеңіл пайданы көздеген ұрылардың торуылдайтын басты нысаны – үйлер. Сондықтан, үйді ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмаңыз жəне есік-терезені мықтап бекітіп, сақтық шараларын естен шығармаған жөн.
Үйде немесе пəтерде алынбалы топсалары бар жоғары сапалы металл есіктерді орнатуды ұмытпаңыз. Кіру есіктерін өндірудің заманауи технологиялары Сіздің үйіңізге ешкім кірмейтініне кепілдік береді.
Сондай-ақ, үйдің кілті жоғалған жағдайда тез арада құлыпты ауыстырыңыз. Үйіңіздің айналасына бақылау камераларын орнатуыңызды жəне терезелерге міндетті түрде темір торлар орнатыңыз. Сонымен қатар, ұрылар негізінен ақша, əшекей бұйым, қымбат техника мен құндыз ішіктерді алады. Сол себепті үлкен сомада қаражаттарыңызды, құнды мүліктеріңізді сақтандыру компаниясында сақтаңыз жəне өзіңіздің құндылықтарыңызды банктің багаж бөлмесіне қою – мүлікті ұрлықтан қорғаудың ең жақсы тəсілі.
Ұзақ мерзімге үйіңізден басқа жерге кететін ойыңыз болса, онда сенімді жақсы араласатын көршіңізге немесе туыстарыңызға үйлеріңізді тапсырып кеткендеріңіз дұрыс болады.
Егер Сіз ұрлық сəтінің куəгері болсаңыз дереу «102» арнасына қоңырау шалуыңыз қажет.
Сонымен қатар, үйдің ұрлықтарының құрбаны болсаңыздар, онда ұрланған заттарды толығырақ сипаттауға тырысыңыздар. Бұл полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді жəне ұрланған затты заңды иесіне қайтаруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандар аудан тұрғындарына ұрлықтың алдын алуда сақтық шараларын жүргізуге маңызды ақпарат болады деп сенеміз.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.