Әріптестеріміз мемлекеттік марапатқа ие болды

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. Шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Жоғары марапатқа ие болғандар қатарында Ұлытау облысының журналистері де бар. Солардың бірі газетіміздің негізін қалаған, алғашқы редакторларының бірі болған, 30 жылдан астам «Ұлытау өңірі» газетінің редакторы болып қызмет еткен – Мағзұмбек Машайықұлы «Кұрмет» орденімен марапатталса, осы газеттің дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосқан, бүгінде өңіріміздегі бірнеше газеттерде жемісті еңбек етіп жүрген əріптесіміз – Ізтай Белгібайұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Əріптестерімізді мемлекеттік марапаттарымен құттықтаймыз!

«Ұлытау» газетінің ұжымы.