Әріптесіміз «Жылдың үздігі»

Жыл аяқталар тұста облыс орталығында Халық қаһарманы Жұмабек Тәшенов атындағы сыйлықтарды тапсыру салтанаты өтті. Осынау айшықты шарада елдің дамуына еңбегі сіңген қайраткер тұлғалар «Жыл үздігі» атағын алды. Мерейлі жандар қатарында әріптесіміз Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ те бар.

Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырған биылғы марапаттауда аудандық «Ұлытау» газетінің бас редакторы Ахат Құрмансейіт «Жылдың үздік тілшісі» атанды.

Орайы келгенде айта кетейік, Алаштың біртуар азаматы, ұлттық деңгейдегі қайраткер Жұмабек Тәшенов жүлдесі он жыл қатарынан дәстүрлі түрде беріліп келеді. Бұл шараға алғашқы күннен бастап белгілі айтыс ақыны Айтбай Жұмағұлов ұйытқы болуда.

Ізтай БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ