Режимді бұзғандарға айыппұл салынады
Ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екен деп арқаны кеңге салуға болмайды. Өйткені, өткен шақтың тәжірибесі жағдайдың одан әрі жақсаруы немесе керісінше өзгеріп кетуі тікелей өзімізге байланысты екенін көрсетіп берді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ-ға шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық Ережені бекіткенін хабарлайды. Осы талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға әкімшілік жаза қолданылатын болады. Ережелер 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енді.
Оқшаулау режимін бұзғандар «Ashyq» ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Егер азамат өзінің КВИ-ға шалдыққанын біле тұра, оқшаулану режимін бұзып, айналасындағы адамдарға қасақана қауіп төндірсе, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.
Өз тілшімізден.