Республикамыздың атағы асқақтай берсін!
Құрметті халайық, қымбатты жерлестер, ардақты ағайын, қазыналы қариялар!
25 қазан – Республика күні мерекесі құтты болсын!
Бұл көпұлтты Қазақстан халқының бір ананың баласындай, бір қолдың саласындай, бір мақсатқа елімізді дамытуға жұдырықтай жұмылған, ынтымақ бірлігі мықты халқымыздың – айтулы, мерейлі мерекесі. Еліміз егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болған 30 жылдан астам уақытта ғасырға байлау жолдан өтіп, қарқынды дамыған елдерді таң қалдырарлықтай, толағай табысқа жеткен құдіретті елге айналдық. Бүгінде дамыған елдермен тереземіз тең, керегеміз кең, уығымыз мықты, шаңырағымыз биік мемлекет болдық. Біздің елімізге, Қазақстан Республикасына әлем елдері қызыға қарайды.
Жаңа Қазақстан құруда әр қадамымыз сәтті болып, Республикамыздың мәртебесі биік, атағы асқақтай берсін!
Әр күніміз мерекелі, әр ісіміз берекелі, еліміз аман, жеріміз бүтін, заманымыз тыныш болсын. Тойымыз толастамай, тойға ұласа берсін. Республика күні мерекесі құтты болсын!
Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,
Ұлытау ауданының Құрметті азаматы,
Қазақстанның Құрметті журналисі.