Республикалық жолдардың 3%-ы ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді – ІІМ

95 мың км-дің 3 мыңы ғана талапқа сай. Жыл сайын елде жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады.

«Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының трассаларында адам өлімінің деңгейі жоғары. Шілдеде Қарағанды облысындағы «Алматы-Екатеринбург» трассасының жөнделіп жатқан учаскесінде 3 жол көлік оқиғасы болып, 9 адам қаза тапқан.

Шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет»,-деді ІІМ басшысы Е.Сәденов Үкімет отырысында.

Олардың ішінде облыс орталықтарының арасындағы трассалар бар:

–  Атырау, Ақтөбе және Орал;
–  Өскемен, Семей;
–  Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда;
–  Қарағанды, Павлодар және т.б.

Сондай-ақ елдімекендердегі инфрақұрылым мәселесі де өзекті, жол апатының 85%-ы сонда болады.