Референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалады?
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы Рақымжан Исақұлов орталық референдум комиссиясының отырысында айтты.
Референдум учаскелерінің жағдайы бойынша, елордада 349 реферндум учаскесі бар, оның 248-і ашық учаске, 35-і жабық, елшіліктерде 66 учаске бар, Барлық ашық және жабық учаскелер бойынша тексерулер жүргізілді. Ақаулық актілерге қол қойылып, кемшіліктерді жоюға кірістік. Референдум учаскелерінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде проблемалық мәселе жоқ. Тоығымен шектелді, — деді ол.
Исақұлов атағандай, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысуын қамтамасыз ету бойынша референдум учаскелеріне тексерулер жүргізілді.
Осыған дейінгі сайлау тәжірибесін ескере отырып, дауыс беру учаскесіне келе алмаған азаматтарға арналған жылжымалы сайлау учаскесі енгізіледі.Бұл 707 984 дауыс берушіні құрап отыр.Оның 19836-сын мүмкіндігі шектеулі адамдар құрап отыр. Барлық ауданда сайлаушыларды тексеру үшін бірыңғай байланыс орталықтары жұмыс істейді, — деді Исақұлов.
Референдумға құқығы бар азаматтардың тізімін қалыптастыру, мүгедектегі бар адамдардың референдумға қатысуы жергілікті атқарушы органдарға жүктеліп отыр.