ҚР Құрметті журналисі, ақын, сатирик Базарбай Әлеуханұлы фәни-жалғаннан бақи-дүниеге озды
Базарбай Әлеуханұлы – журналистикадағы еңбек жолын «Жезқазған туы» газетінен бастап, өңіріміздің айшықты жаңалықтарын қоғам назарына алғаш болып ұсына білді.Жезқазған қаласының айнасына айналған «Дидар» телеарнасына өзінің ширек ғасыр уақытын арнап, басшылық етті.
64 жыл ғұмырында аймақтағы айшықты еңбегімен есімі еленген азаматтың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Марқұмның отбасы мен туыс-туғандарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Ардагердің есімі мен бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
А.Мырзабеков, А.Құрмансейітов, М.Оспанов, А.Әбжамалов, А.Қайырбек, Е.Дәуітбаев, Ә.Жандарбеков, Е.Әбжамалов.