Президент Жолдауы: Ұлытау облысында туризм қарқынды дамуда
2025 жылдың басынан бері өңіріміздің туризм саласына 645,6 млн теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты.
2024 жылы өңірге 31 мыңнан астам турист келген, оның ішінде 1 мыңнан астамы – шетелдік қонақтар. Туристер санының тұрақты өсімі байқалады.
Биыл орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 30%-ға өсіп, 141 млн теңгеге жетті. Инвестициялардың негізгі бөлігі инфрақұрылымға бағытталуда:
• жаңа қонақүйлердің құрылысы;
• жолдарды жөндеу;
• туристік қызметтерді кеңейту.
Облыстық бюджеттен алғаш рет 100 млн теңге бөлініп, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен туристік әлеуетті ілгерілетуге бағытталды.
Тұрақты әуе қатынастарының ашылуы, туристік агенттіктер мен гидтердің көбеюі алдағы уақытта шетелдік туристерді тартуға жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.