Президент Жолдауы – экономикалық тұрақтылық кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында елімізде осы күнге дейін қол жеткізілген жетістіктерге талдау жасап, таяудағы міндеттерді айқындайтын, өткен жылы елімізде «естуші мемлекет» ұранымен басталған саяси жаңғырудың табиғи жалғасы болуға бағытталған маңызды саяси құжат – «Əділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Алқалы жиында əлемді жайлап отырған ауыр экономикалық əрі саяси дағдарыстардың салқыны тиген қазақстандық қоғамды осы тығырықтан шығарудың ұтымды жолдарын іздестіру, елімізді прагматикалық саяси жəне экономикалық реформалар негізінде мықты мемлекет ретінде қарқынды дамыту мəселелері талқыланды.
Президент макроэкономикалық саясатты қайта қарау қажеттігін атап өтіп, экономиканың түрлі секторларындағы реформаларды табысты іске асыру макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты екенін атап көрсетті. Жолдаудың негізгі түйіні – Қазақстанның жаңа экономикалық үлгіге көшуі, құрылымдық экономикалық өзгерістер жүргізу, яғни бүкіл қалыптасқан экономикалық жүйені түбегейлі қайта қарау болып табылады. Қазақстанның басты мақсаты дамыған елдердің қатарына қосылу, халықаралық нарықта өз орнын қалыптастыру болып табылады. Қазақстан – геосаяси жағдайы дамыған елдердің бірі. Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткендей, жаһандық экономика мен халықаралық еңбек нарығы өзгеруде.
Сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер елге қауіп төндіргеніне қарамастан, бүгінгі күні мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жəне əлеуметтік реформалар ақырындап өз жемісін бере бастағаны анық. Атап айтқанда, Қазақстанның экономикалық жағдайы бірқатар жоғары көрсеткіштерге ие болуда: жалпы ішкі өнім 104,0 трлн теңгені құрады жəне 28,0 млрд доллар шетелдік инвестициялар тартылды, сыртқы сауда 136,0 млрд. доллар, оның ішінде экспорт 84 млрд. долларды құрады. Мемлекет басшысы Жолдауында осыған дейін қабылданған стратегиялық бағытты жалғастыруға жəне экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың əл-ауқатын арттыруға жəне өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шараларды атап өтті. Мысалы, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті, дəрігерлердің жалақысы да көтерілуде.
Мысалы, өткен Жолдауда басталған «Балаларға арналған «Ұлттық қор» бастамасы бүгін «Келешек» бағдарламасымен толықтырылды (балаларға білім беру мен тұрғын үйге арналған жинақтаушы қор), ең төменгі жалақы мөлшері 2021 жылдан бастап 2 есеге артып, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңгеге көтеріледі. Бұл өз кезегінде 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың əл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек», – деп тапсырды Мемлекет басшысы Жолдауда. Яғни, қоғамдағы əлеуметтік саланы күшейтіп, жалақыны көбейтіп, халықтың жағдайын жақсарту қажеттігі баса айтылды.
Мемлекет басшысы Жолдауда Қазақстандағы экономикалық саясатқа қатысты бірқатар мəселелерді атап өтті. Олардың негізгілері: мемлекеттің шикізатқа тəуелділігін еңсеру, өңдеуші секторды дамыту, туристік əлеуетті арттыру, бəсекелестік артықшылықтарды тиімді пайдалану, отандық кəсіпкерлікті дамыту, ішкі нарықты қорғау, сауда-саттық саясатын дамыту, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту, халықтың əлеуметтік жағдайын арттыру, кедейлікті жою, кірісті арттыру қажеттілігі болып табылады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа стратегиясы үлесі маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауда шешуші фактор болатын қарапайым азаматтардың мүдделері мен қажеттіліктеріне негізделетін болады.
Мемлекет басшысы Жолдауда бүгін атқарылуға тиісті өзекті міндеттер, ертең бағындырылатын межелер егжей-тегжейлі тиянақтады. Олар ашық экономика мен ұлттық өнеркəсіпті қолдау, аграрлық өнеркəсіп пен аграрлық ғылымды дамыту, жаңғыртпалы энергетика көздерін дамыту, ғылымның нəтижелерін коммерцияландыру мен жобаларды венчурлық қаржыландыруды, сонымен қоса барлық салаларды цифрландыру үдерісін де қамтыды. Олардың бірін бірінен бөле-жара қарау еш мүмкін емес. Осыған қосымша, қаржы, фискалдық жəне ақша-несие саясатының келісілген жұмысының маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Ел президенті сонымен қатар, инвестициялардың жетіспеушілігіне алаңдаушылық білдіріп, оның тапшылығы экономикалық өсуге тежеу салатынын айтты.
Жолдауды жариялау барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның салық саясатының маңыздылығын атап өтіп, одан əрі фискалдық орталықсыздандыру туралы тапсырма берді. Себебі, Қазақстанның өңірлері жоғары тұрған бюджеттерден бөлінетін трансферттерге əлі де тəуелді болып қала беруде. 2022 жылы жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінде трансферттер түсімдері барлық түсімдердің жартысынан астамын – 52,7% иеленген. Мəселен, 2020 жылы шағын жəне орта бизнестен (ШОБ) КҚС-ын жергілікті бюджеттерге беру бойынша жүргізілген реформа өңірлердің белгілі бір қаржылық қамтамасыз етілуіне əкелген: 2 жыл ішінде ШОБ-тан жергілікті бюджеттерге КТС түсімдері 2 еседен асқан: 2020 жылғы 481,6 млрд. теңгеден (жергілікті бюджеттер кірістерінің 6,2%) 2022 жылы 1 041,7 млрд. теңгеге дейін (13,5%) ұлғайды. Осыған орай, алдағы кезеңде ҚҚС бір бөлігі өңірлік деңгейге берілуі мүмкін.
Осылайша, салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешу қолайлы инвестициялық ахуалды құруға, бизнесті дамытуды ынталандыруға, бəсекелестікті дамытуға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға жəне халықтың экономикалық белсенділігін арттыруға əсер етуі тиіс. Қазіргі таңда дүниежүзіндегі ең өзекті мəселелердің бірі азық-түлік қауіпсіздігі болып отыр. Азық-түлік мəселесі, оған деген сұраныстың артуы жыл өткен сайын өткір сезілуде. Сондықтан Қазақ елі үшін де агроөнеркəсіп кешенін дамытуға басымдық берілуі аса маңызды. Президент Жолдауында еліміздің агроөнеркəсіптік кешенін дамыту саласына, оның ішінде алдағы үш жылда Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты агронарыққа айналуы тиіс екендігіне ерекше тоқталып өтті. Мемлекет басшысы Жолдау барысында Қазақстанды Еуразиялық құрлықтағы жетекші аграрлық орталыққа айналдыру еліміздің стратегиялық мақсаты екендігін айрықша атап өтті. Ауылдағы ағайынның табысын еселеу мақсатында дүниеге келген «Ауыл аманаты» арнайы мемлекеттік бағдарламасына 1 трлн. теңге қаржы бөлінсе, соның 100 млрд. теңгесі биыл игерілмек. Кең көлемді осы жұмыстың нəтижесінде 4500 жаңа жұмыс орындары ашылуы тиіс. Жолдауда агроөнеркəсіп өнімдерін 70%- ға ұлғайту арқылы ауылшаруашылық тауарларын сапалы шығару – кезек күттірмес шара екендігі аталды. Осы мақсатта жеңілдетілген несие беру арқылы ауылдағы тозып тұрған шаруалар техникасының 8-10% жаңалау қажет екендігіне ерекше көңіл бөлінді. Ауыл шаруашылығындағы кəсіпорындардың жəне шағын шаруа қожалықтарының дамуына, ескірген техникаларын жаңартуға, инновациялар мен жоғары технологияларды пайдалануды қолға алу қажеттілігі орын алуда. Егістік шаруашылығында жаңа реформаларды жасап, суды көп қажет ететін егістікті азайту, жаңа сұрыпты дəнді дақылдарды шығару мəселелерін шешу ұсынылды.
Президент алдағы уақытта аграрлық сектордағы өңделген өнім үлесін 3 жылда 70%-ға жеткізу міндетін қойды. Бұл – үлкен жоба. Өнімді тікелей сатқаннан пайдасы артық түсетіні белгілі. Сондай-ақ өнім өндіру еңбек нарығында жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Аграрлық секторды дамыту ғылыми-технологиялық жаңалықтарды енгізумен тікелей байланысты. Сондықтан да, Мемлекет басшысы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің отандық жəне əлемдік ғылыми орталықтармен бірлесе жұмыс жасау қажеттілігін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің оңтайлы географиялық орналасуы əлемнің үлкен нарықтарына тікелей немесе көлік-логистикалық əлеуетті пайдалана отырып, ірі нарық алаңдарына шығуына мүмкіндік береді.
Қазақтың тарихи тамыры ауылда екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі деп салыстыруға бара-бар. Қазақстан картасына зер салсақ, ұлан-ғайыр кең даламызда аграрлық сала шешуші орында болуға сұранып-ақ тұр. Жерінің кеңдігі жөнінен əлем елдерінің арасында 9-орын алса да, халқының саны жөнінен 64-орындағы Қазақстан ірі аграрлық-индустриялық мемлекеттердің қатарына кіру мүмкіндігі бар. Яғни ел экономикасының басым саласы ауыл шаруашылығы болуы тиіс. Жалпы, ауыл шаруашылығы жоғары экономикалық əлеуеті мен мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік жəне əлеуметтік мəнді негізгі саланың бірі болып саналады. Ауылда қазіргі кезде Қазақстан халқының 40,8%, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады. Оған қоса, ауыл шаруашылығы – қазақ халқы үшін дəстүрлі атакəсіп.
Бұл тұрғыда Президентіміз ауыл шаруашылығы саласында ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады, экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұра алатын жағдайда боламыз деуі қисынды. Орта жəне шағын шаруа қожалықтарының қолы қысқа, олар агроөнеркəсіптік кешен ретінде қызмет етуге қауқарсыз. Сондықтан, отандық агрофирмалардың ірі компаниялардың қатарына кіруі, өзара тиімді шарттар негізінде халықаралық корпорациялардың инвестицияларын белсенді түрде тарту арқылы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу жəне өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты еліміз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Екінші жағынан, агроөнеркəсіпті жетілдіру, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, отандық тауар өндірушілерді, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдау мыңдаған жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Ал Қазақстан халқының жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, бұл көптеген маңызды əлеуметтік-экономикалық мəселелердің шешілуіне ықпал етері сөзсіз.
Қорытып айтар болсақ, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл, бір жағынан, бос жатқан ауылшаруашылық жерлерді, іске асырылмаған өндірістік қуаттарды ұтымды пайдалану, ішкі нарық пен əлемдік нарықтардағы сұранысты қанағаттандыру деген сөз.
Жолдауда отандық өнімді қолдау, нақты өнім өндіретін секторларды дамыту, республикамыздың көлік-логистикалық мүмкіндіктері мен аграрлық сектордағы артықшылықтарын барынша тиімді пайдалану, еліміздің технологиялық дамуы сынды бастамалар қолға алынды. Үкімет, жергілікті басқару органдары, жалпы ел азаматтарымен бірлесе жұмыс істей отырып, бұл басымдықтарды іске асырамыз деген сенімдемін. Сондықтан, Президенттің алға қойған мақсаттары мен міндеттері іске асуы үшін барлық азаматтар атсалысуы қажет. Жолдаудағы берілген тапсырмалар дер кезінде орындалуы тиіс. Сонда еліміздің экономикалық-əлеуметтік жағдайы артып, əр азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасалмақ.
Ұлытау ауданының аумағы Қазақстанның дəл географиялық орталығында орналасуы, жақын қашықтықта өнеркəсіптік бағыттағы моноқалалардың болуы ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласына, шаруа қожалықтары түріндегі кəсіпкерлік нысандары азық-түлік өнімдерін өндіруін ескергенде, Жолдауда аталған маңызды міндеттерді орындауға белсінді атсалысу қажеттілігі біздің ауданға да маңызды екендігі түсінікті.
Көпшілікке белгілі, Ұлытау ауданы еліміздің ең ірі əкімшілік-аумақтық ауданы болып табылады (аумағы 122,9 мың шаршы км), Ұлытау облысының аумағының (аумағы 188,9 мың шаршы км) 3/2 бөлігінде (65%) орналасқан, негізгі кəсібі ауыл шаруашылығы, сондай-ақ өнеркəсіп болып табылатын, бай табиғи қазбалары бар, елдің 5 облысымен шектесетін аудандардың бірі болып табылады. Барланған пайдалы қазбалар қоры жəне бос ауылшаруашылық жерлері инвестициялық қаражаттарды тартуға жəне жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Аудан экономикасының басымды бағыты ауыл шаруашылығы болып табылатынын ескере отырып, ЖӨӨ-нің жалпы көлемінде ауыл шаруашылығы саласы 73% құрайтынын атап өткен жөн. Бұл ретте, 2023 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, ішкі өңірлік өнім 2022 жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 102,3% өсіммен 18 млрд. 290,0 млн. теңгені құрады (2022 жылы – 17 млрд. 623,0 млн. теңге). Жалпы өңірлік өнімнің көлемінде өнеркəсіп үлесі — 9%, ауыл шаруашылығы — 73%, құрылыс — 3%, сауда — 1% құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 15 млрд.200,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсім 104,5% (2022 жылы–14 млрд. 539 млн. теңге) құрады.
Бұл тұрғыда, біздің ауданымызда Жолдауда қойылған мақсаттар мен міндеттерді жергілікті азаматтармен бірлесе іске асыру аудан экономикасын еселеп өсіруге, ауыл халқының əл-ауқатын арттыруға септігін тигізетініне сенімдімін.
Жолдау құрғақ сөз емес, ел болашағын елең еткізетін өткір мəселелер мен ұлт болашағына арналған нақты жоспар болып табылады. Оның негізгі мазмұнын экономикалық, əлеуметтік, білім, тəрбие, ғылым, экология, демографиялық, өнеркəсіп т.б. мəселелерді шешу бағыттары құрайды. Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар екендігі атап өтілді. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мəнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс» – деп, Мемлекет басшысы мемлекетіміздің жаңа экономикалық үлгіге өтуі керек екендігін меңзеді. Демек, жалаң пайыздық өсудегі жалған деректер емес, шынайы халықтың əлеуметтік жəне тұрмыс жағдайын жақсарту қажеттілігі нақты айтылды.
Мемлекет басшысының əділетті Қазақстанның экономикалық бағдарын құру жолындағы көтерген негізгі бастамалары мен салмақты ойлары мемлекетіміздің өркендеп дамуына тың серпін беріп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктер мен қоғамдық маңызды мақсаттарға жол ашатыны анық.
Тасболат ШАЙХИН,
Ұлытау ауданының экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы.