Президент Жолдауы – дамудың тірегі

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Əділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Əр Жолдау өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Президент Жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. Биылғы Жолдаудың негізгі мəні еліміздің экономикалық əл-ауқатын арттыруға халқымыздың дамуына арналып отыр.

Президент атап өткендей, елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидаттары əділдік, инклюзивтілік болады. Осы Жолдауда баяндалған міндеттер үш жыл ішінде іске асырылуы тиіс деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мемлекет басшысы республика деңгейінде шұғыл шараларды талап ететін проблемалық мəселелерді нақты атап өтті. Ең маңыздыларының бірі – елдің энергетикалық қауіпсіздігі. Біздің еліміз басқа мемлекеттермен бірге электр энергиясының тапшылығын сезіне бастағаны жасырын емес, энергетика саласына елеулі қаржы құю қажет. Ірі нысандарға инвестиция салумен қатар, «жасыл технологияларды» белсенді енгізуді жалғастыру қажет. Атом электр станциясын салу тақырыбы да күн тəртібінен шықпайды. Еліміздің əлеуметтік маңыздылығы мен экологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, Президент бұл мəселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды, осылайша əрқайсымызға дауыс беру арқылы өз көзқарасымызды білдіруге құқық берді. Бұл, əрине, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарын əлі есінде сақтайтын Қазақстан халқын қуантады. АЭС салуға қатысты мəселені республикалық референдумға шығару туралы ұсынысына ерекше назар аудару қажет. Бұл Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жəне «Əділетті Қазақстан» принциптерін берік ұстанып отырғанын көрсетеді. Жаңа Жолдау экономикалық мəселелерді шешуге бағытталса да, онда əлеуметтік сипаттағы маңызды бастамалар бар. Атап айтқанда, жалақыны көтеру, жұмыспен қамту, балалар қауіпсіздігі, білім алудағы теңдік жəне т.б. Жалпы, бұл Жолдауда көптеген бағыттарды қамтитын жəне əлеуметтік-экономикалық реформалардың бірыңғай жүйесін құрайтын жүзден астам түрлі идеялар мен ұсыныстар айтылды. Бұл айтылған, ұсынылған Президент Жолдауы халыққа, қоғамға, мемлекет дамуымен, өркендеуі үшін аса қажетті дүние.

Азамат КАРЕНОВ,
«Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы.