Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Қазақтың тағы бір ерекшелігі – көне дәуірден бері келе жатқан өмір салты. Өзге елдер бізді көшпенділердің ұрпағы ретінде біледі. Бұл да – халқымыздың басты брендінің бірі.
Келесі жылы менің шақыруыммен Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл қадам ұлттық спортты дамыта түсуге зор мүмкіндік береді. Сондықтан байрақты бәсекені жоғары деңгейде өткізуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда.