Президент: «Түпкі мақсатымыз – еңбеккерлерді табысты адамдардың үлгісі ретінде дәріптеу»

«Мемлекет тарапынан жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және қоғамда жаңа еңбек мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ еңбек адамдарын құрметтеу үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Сайып келгенде, біздің түпкі мақсатымыз – еңбеккерлерді табысты адамдардың үлгісі ретінде дәріптеу. Бұл жүздеген мың азаматты ынталандырады.

Қазақстан мен Ресей өзара ынтымақтастықтың аса маңызды бағыты саналатын кадр даярлау ісіндегі серіктестікті дәйекті түрде тереңдетіп келеді.

Білім беру және өндіріс саласындағы байланыстарды жандандыру маман даярлау сапасын жетілдіріп, озық технологияларды енгізу үдерісін үдете түсеріне сенімдімін».

t.me/aqorda_resmi