Президент саяси реформаларға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында саяси реформалар төңірегіндегі пікірлерге тоқталды.

Президенттің айтуынша, билік транзиті туралы сөз қозғауға әлі ерте, алда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар.

Президент сондай-ақ саяси реформалар жалғасатынын және биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды жыл болатынын атап өтті.

Оның сөзінше, конституциялық реформаға қатысты референдум өтеді, ал қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңға енгізілетін ұсыныстар қаралып жатыр.