Президент Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды

Бұл туралы Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына сапары туралы ақпарат жоқ», — деді Берік Уәли.