Президент елдегі жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атады.
«Жаңа экономикалық бағдардың басым бағыты жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру яғни, мемлекеттік капитализм мен мемлекеттің экономикаға шектен тыс килігуінен кету; бәсекелестікті дамытып, баршаға бірдей мүмкіндік жасау және әрине, ұлттық табысты әділетті бөлу болмақ», — деді Президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы елдің экономикалық саясатының базалық мақсаты өзгермейтінін, яғни ел азаматтарының сапалы әрі инклюзивті тұрмысы қамтамасыз етілу керек екенін жеткізді.