«Питомникке» көшеттер отырғызылды

Газетіміздің бұған дейінгі санында ауданымызда өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында жаңа «питомник» ашылғанын жазған болатынбыз. Қазір осы шаруашылық өз жұмысын қызу бастап кетті. Өткен аптада мұнда көшеттер отырғызылып, оны баптау қолға алынды.

Көшеттер отырғызу шарасына аудан əкімі Аманжол Мырзабеков пен əкімдік қызметкерлері, аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері жəне ұлттық парк қызметкерлері қатысты.Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру жəне экологиялық мəдениетті қалыптастыру дейді шараны ұйымдастырушылар.

Жалпы, питомниктің алдына қойған мақсаты ауқымды. Ең бастысы жергілікті климатқа бейімделген өсімдіктерді өсіру. Осы мақсатта «Назерке» жеке кəсіпкерлігі қылқан жапырақты ағаштар жəне өңірге бейімді өсімдіктер өсірмек. Аудан əкімінің баспасөз қызметі таратқан мəліметке қарағанда кəсіпкер алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жобаны одан əрі дамыту мен кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл бастама аудандағы өсімдік шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып, жергілікті тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға көмектеседі деп күтілуде.

Ізбасар ОЙБАС.

А