Перизат Құрманқызы Сәдуақас Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
2002 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы, 2006 жылы осы университетті «Юриспруденция» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы гимназияның тарих пәнінің оқытушысы болып бастаған.
2002 – 2006 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының оқытушысы, инспекторы;
2009 – 2017 жылдары Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің сарапшысы, ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, инспекторы;
2019 жылдан бастап 2022 жылға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінде түрлі қызмет атқарған.