Отшашуды рұқсат етілмеген жерде атқандар айыппұл төлейді
Төтенше жағдай министрлігі тұрғындарға осындай ескерту жасады.
Мереке күндері фейерверктерді тұрғын үйлер мен ғимараттардан кемінде 50 метр қашықта, электр желісінен және көліктерден алыс жерде ату керек.
Ескертуді елемеген азаматтарға 74 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
Сондай-ақ мамандар пиротехникалық бұйымды сатып алғанда, тауардың сертификатына, жарамдылық мерзімі мен қаптамасының бүтін болуына назар аударуға кеңес береді.