От жағу маусымында абай болайық!
2021 жылдың 15-ші тамыздан 15-ші қыркүйек аралығында от жағу маусымы айлығы өтуде, 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары өткізілуде. Осы аталған іс-шара бойынша Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің және Өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері бірлесіп атсалысуда.
Атап айтқанда, қарапайым ғана ережелерді сақтамау адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Биылғы жылы ауа-райының күрт төмендеуіне байланысты от жағу маусымы ертерек басталуда.
Мысалы, балалардың сіріңкемен немесе тағы басқа да жанғыш заттармен ойнауы, адамдардың ішімдікке тәуелді болуынан, отты жағып, пештердің ауызын жаппай кетуі, пештен шыққан күлдерді ыстық күйінде есік алдына қойып кетуі, күлді арнайы орындарға төкпеуі қайғылы жағдайларды туындатуға әкеп соқтырады.
Өрт – деген тілсіз жау, оның салдарынан адамдар баспанасынан, мүліктерінен айырылып қалулары мүмкін.
Пештен шығатын өрттердің себебі пешті салу кезінде жіберілген өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтары.
Пештерді қолдану кезінде жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі ол жанатын құрылымдардан белгілі арақашықтықты сақтамау, от жағатын пештердің алдына 50х70 см. көлемінде қаңылтыр беттерін қақпау, сондай-ақ пештің үстіндегі жарық, сынған плиталарды пайдалану, пештің үстіне ағаш немесе киімдер кептіру.
Егер тұрғындар қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтап отыратын болса, қайғылы нәтижелерге әкеліп соғатын оқиғалардың алдын алуға болады.
Ұлытау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі барлық аудан тұрғындарына үйлеріңіздегі барлық пештерді мұқият тексеруді, саңылауларын сылауды, түтін шығатын құдықтарын және түтін шығаратын құбырлардың дұрыс қалануы мен орнатылуын тексеруді, мұржаны әктеп қоюды естеріңізге салады.
Есте сақтаңыздар өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау өздеріңіздің қолдарыңызда.
Медет ИСМАЙЛОВ,
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты.