От – ойыншық емес

Орынсыз жерде жағылған от апат екенін ескерту керек. Осының салдарынан адам денсаулығы мен оның өміріне орасан зор зиян келеді. Осының бəрі ата-аналарға, балаларға тəрбиелеу орындарында үлкен жауапкершілік, зор міндеттер жүктейді. Оларды күнделікті жүргізу тəрбие жұмыстарына отпен ойнаудың қауіптілігі жас балаларға жиі түсіндірілуі керек. Демек, балалардың тəртібі мен жүріс-тұрысына қалай болса солай қарауға болмайды.

Жас балалар мен мектеп оқушыларына кездейсоқ өрттің адам өміріне жəне дүние мүлкіне тигізетін орасан зиянын айтып, түсіндіріп отыру керек. Олар туралы əңгімелер өткізу, кинофильмдер көрсету өте пайдалы. Бұл балалар тəрбиелейтін орындар мен мектептердің негізгі міндеттеріне айналуы тиіс. Мектептерде жас өрт сөндірушілер жасақтарын құрып, олардың бойына ержүректік, азаматтық, тапқырлық сияқты қасиеттерді, сондай-ақ шынығу, кəсіптік бағдар беру мақсатында жұмыстар жүргізілуі қажет. Жас балалардың өміріне қатер туғызатын, олардың денсаулықтарына зиян келтіретін кездейсоқ өрт жағдайларын болдырмау үшін ата-аналардың, мұғалімдердің, барлық азаматтардың өртке қарсы күрес мəселесіне барынша көңіл бөлінуі қажет. Бұл арқылы, біз жастарымызды кездейсоқ оқиғалардан сақтаумен бірге байлығымызды, көзіміздің қарашығындай қорғауға, саналы тəртіпке баулуымыз керек.

Сонымен қатар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтауларыңызды сұраймыз:

— өрт болған жағдайда «101» ,«112» телефонына хабарлау керек.

— үйде жас балалар болса ең алдымен соларды өрт ошағынан алып шығу керек.

— өрт оқиғасы бола қалған жағдайда көп адамдар тұрмыс заттарының бықсып жануынан шыққан түтіннен иістеніп қалады, сондықтан жылжығанда неғұрлым төменгі, еденмен жылжып, дымқыл шүберекпен демалу керек.

— тұрмыстық электр заттары жанған кезде оларды тоқ көзінен ағыту керек, оларға ешқашан су құюға болмайды.

— өрт оқиғасы бола қалған жағдайда есік-терезелерді ашуға тиым салынады, себебі өрттің күшейіп кетуіне оттегі бірден-бір əсер етеді жəне енді басталған ошақты үрлеп сөндіру мүмкін еместігін ескертеміз.

Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.