ОСК Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады
ОСК Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлаудың соңғы қорытындыларын жариялады. Мемлекет басшысы болып 81,31% дауыспен Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды.
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды деп есептелсін.
2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркелсін.
3. Қазақстан Республикасының тіркелген Президентіне тиісті куәлік табыс етілсін.
4. 2022 жылғы 26 қараша кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беру күні болып белгіленсін», – делінген ҚР ОСК сайтында.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне алты адам сайлауға түсті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 456 392 адам немесе 81,31% дауыс берді.
«Барлығына қарсы» жолағын 460 484 адам немесе 5,80% таңдады.
Қалған кандидаттар үшін:
— Қарақат Әбден – 206 206 дауыс немесе 2,60 %;
— Нұрлан Әуесбаев – 176 116 дауыс немесе 2,22 %;
— Жигули Дайрабаева – 271 641 дауыс немесе 3,42 %;
— Мейрам Қажыкен – 200 907 дауыс немесе 2,53 %;
— Салтанат Тұрсынбекова – 168 731 дауыс немесе 2,12 %.
Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 11 953 465 азамат енгізілді. Дауыс беруге 8 278 570 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 13 282 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 112 969 сайлаушы дауыс берді.
ҚР ОСК ақпараты бойынша