Қос меморандумға қол қойылды

Бүгін Ұлытау облысының өңірлік кəсіпкерлер палатасында Ұлытау облысының мəдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы, Ұлытау облысының өңірлік кəсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Ұлытау облысының Əділет департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды.

Ұлытау облысының мəдениет, тілдерді дамыту жəне мұрағат ісі басқармасының басшысы Əнуар Омар, Əділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Есімов жəне Ұлытау облысының өңірлік кəсіпкерлер палатасының төрайымы Гүлмира Қаженова қол қойылған меморандумдар палата мен өңірдің бизнес саласы жəне мемлекеттік мекемелер арасындағы əріптестік қатынастарды дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Шағын жəне орта бизнес кəсіпкерлерінің жұмысындағы көптеген мəселелер көбінесе тілдік жəне құқықтық тақырыптарда болатынын ескерсек аталған құжаттарға қол қою бизнесте туындайтын мəселелерді жедел шешуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде: «Республиканың шағын жəне орта бизнесін дамытуға жəне қолдауға «жаңа кəсіпкерлік толқын» қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін іске қосу қажет» деген болатын.

Қол қойылған меморандумдар мемлекеттік органдар мен бизнесті жақындастыратын болашаққа жасалған маңызды қадам.

Ізбасар ОЙБАС