Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, республика бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ұсынған мәліметтер мен есептерге сәйкес, тізімдерге 11 722 536 адам енгізілді. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың кейбір мәселелері туралы» Орталық референдум комиссиясының қаулысымен дауыс беруге арналған бюллетеньдер бір пайыз резервпен референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізілген санға тең мөлшерде дайындалады деп белгіленген. 11 839 761 көлемінде дауыс беруге арналған бюллетень шығарылуы тиіс.
Белгіленген мөлшерде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындау және референдум учаскелеріне заңнамада көзделген мерзімде жеткізу облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың референдум комиссияларына тапсырылады.
Аумақтық референдум комиссиялары бюллетеньдерді референдум учаскелеріне жеткізу үшін белгіленген мөлшерде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындауды 2022 жылғы 28 мамырға дейін қамтамасыз етуге тиіс.