Қоршаған ортаны қорғау – адамзат парызы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2020 жылғы 3 ақпандағы 27- 5-6/16 бұйрығына сәйкес «Ғылыми мақсаттарды пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктерімен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тиым салу енгізілген. Осыған орай, 2022 жылғы 14 сәуір мен 15 мамыр, екінші кезең 1-31 желтоқсан аралығында Қарағанды облысы аумағында киік кең ауқымды табиғат қорғау акциясының бірінші кезеңі басталды. Қарағанды табиғатты қорғау полициясының жедел тобы және «ӨБ» Охотзоопром РМҚКнің ОӨФ Жезқазған тірек пунктінің инспекторлары және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес арнайы топ құрылды.
«Киік» кең ауқымды акциясының мақсаты – браконерлікпен күресті күшейту, заңсыз аң аулауға, өсімдіктердің, жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын олжалауға, сатып алуға, сақтауға, өткізуге, әкелуге, әкетуге, жіберуге, тасымалдауға қарсы іс-қимыл болып табылады. Осы акцияның бірінші кезеңінде ақбөкендердің төлдеу науқаны басталады. Бұл кезеңді халық арасында «құралай салқыны» деп атайды.
Ұлытау ауданы аумағында киік төлдейтін бірнеше орындар бар екенін ескерте отырып, жергілікті тұрғындарды ақбөкен жануарларын бейсауат мазаламауларын сұраймыз.
Талғат АҚҚОШҚАРОВ,
«ӨБ» Охотзоопром РМҚК Орталық өңірлік филиалының Жезқазған ТП-нің аға инспекторы.