Орны ауыстырылатын объектілерді автокөлікпен тасымалдау тәртібі
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Ұлытау ауданы аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың назарына Жануарлардан алынатын өнімді автокөлік құралдарымен тасымалдау (орнын ауыстыру), «Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылатындығын жеткізеді.
Тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары Заңның 21-бабы 4-тармағына сәйкес міндетті дезинфекциялауға жатады.
Жануарлар мен құстарды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жүру кезеңіне сумен, пайдалы жемшөппен және төсеммен қамтамасыз етеді.
Ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін едені ағаш, төсем қабатымен (ағаш үгіндісі, сабан) жабылған және бортының биіктігі шанақтың еденінен 2 метрге дейін және қойларды, ешкілерді тасымалдау үшін 1,5 метрге дейін болатын және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштар орнатылған автокөлік құралдары (мал тасығыштар) пайдаланылады.
Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) техникалық шарттарды (етті қатарлау немесе асып қою, температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсер ету тәртібі) сақтай отырып, арнайы жабдықталған автокөліктерде жүзеге асырылады. Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес автокөліктерде жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдаудың температуралық режимі сақталады. Салқындатылған немесе тоңазытылған етті (құс ұшаларынан басқа) жақын қашықтықтарға тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде оны үйіп, бірақ екі қабаттан асырмай тиеуге рұқсат етіледі. Автокөлік шанағының едені жуылады, таза брезент, одан кейін таза мата төселеді. Еттің беті таза материалмен жабылады.Құстың ұшалары жәшіктерге салынады. Жануарлар етін автокөлік құралдарымен тоңазытылған, мұздатылған немесе суыған қалпында (кебу қабығы түзіле отырып, 6 сағат бойы суытылған) тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі. Автокөлік құралының шанағында жүк тиеуші жұмысшыларға немесе басқа адамдарға тиелген етпен немесе ет өнімдерімен бірге болуға жол берілмейді.
Етті: 1) мұнай өнімдерімен немесе өткір иісті заттармен сіңірілген (ластанған); 2) өткір ерекше иісі бар өнімдермен бірге автокөлік құралдарында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
Балықты салқындатылған, мұздатылған, тұздалған және өңдеудің басқа түрлерінде тасымалдайды. Салқындатылған балықты тасымалдауға жәшіктерде немесе бөшкелерде, мұздатылғанды – жәшіктерде, қораптарда, тұздалғанды – бөшкелерде жеткізеді. Тасымалдауға арналған балауызды таза, алдын ала ішіне қағаз немесе бір рет қолданылатын полиэтилен үлдір айналдыра төселген, бөгде иісі жоқ жәшіктерге немесе ағаш бөшкелерге салады. Сүт флягаларда, сүтті құюға және құйып алуға және цистерналарды жууға арналған заттармен жабдықталған изометриялық сүт цистерналарында тасымалданады. Жұмыртқалар тығыз қораптарда тасымалданады (орны ауыстырылады). Жұмыртқаларды жоңқамен немесе сабанмен орауға жол берілмейді. Бал бөшкелерде, флягаларда, сондай-ақ эмальданған ыдыста тасымалданады (орны ауыстырылады).
Осы жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларының талаптары сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406-бабы, 1-тармағы, 2 тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатындығын ескертеміз.
Мереке НҰРМАҒАНБЕТОВА,
ҚР АШМ ВБҚК Ұлытау аудандық аумақтық инспекция басшысы,
ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторы.