Орманы бардың – қорғаны бар

Орман – адамзат баласының ең құнды байлығы. Қаншама аң-құстардың мекендейтін орны. Сондықтан, сұлу да әсем табиғатты көздің қарашығындай қорғау қажет. Табиғат аясында демалған кезде пайдаланған заттарды бейберекет шашпай, қоқыс жәшігіне салып, оттың шоғын сөндіріп кеткен жөн. Тағы бір ескеретін жайт, өсіп тұрған жасыл желекті зақымдауға болмайды. Автокөлікпен тоғай арасына кіруге тыйым салынады.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері, табиғатты қорғау инспекторы, орман шаруашылығы мамандары Ұлытау маңындағы орман-тоғайларға арнайы тексеру жұмысын жүргізді. Мұндағы мақсат – тоғай алқаптарын ластауға, бүлдіруге тосқауыл қою. Осы тектес әрекеттер алдағы уақытта да жалғаса береді.

Қазір жадыраған жаз маусымы келді. Енді алыс-жақыннан келетін қонақтармен бірге жергілікті тұрғындар да табиғат аясында демалуды көздейді. Сол кезде өрт қауіпсіздігі ережелері мұқият сақталуы – шарт.

Бұл талап орындалмаған жағдайда 15 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын ескертеміз.

Өрт – тілсіз жау.

Табиғатты өрт қаупінен сақтау – барлығымызға ортақ парыз!

Қадыржан ЕСКЕНОВ,

Ұлытау орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы мекемесінің орман шебері.