Орман және дала өрті қауіпсіздігі іс-шаралары мен мәселелері талқыланды
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы аппарат кеңесі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.
Ұлытау облысында Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы, «Қазақстан Темір Жолы ұлттық компаниясы» АҚ филиалының, «ҚазАвтоЖол «Ұлттық компаниясы» АҚ сынды 4 орман қоры бар. Қазіргі таңда оның төртеуі де барлық техникалық қажеттілікпен жабдықталған, жанар-жағар май қорымен қамтамасыз етілген. Аталған орындарға қатысты орман және дала өртін болдырмауға қатысты іс шаралар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, Ұлытау ауданы аумағындағы 8 кент-елдімекенде өрт сөндіру бекеті ашылған. Құрылған бекеттерде жоғары қысымды «Ермак» су беру құрылғысы 5-дана (Байқоңыр, Алғабас, Сарысу, Қоскөл, Терісаққан) және арнайы өрт сөндіру техиникасы 4-дана (Қаракеңгір, Амангелді, Қорғасын, Байқоңыр) бар. 11 ауылдық округ жоғары қысымды су беру «Алтеко» насосымен қамтамасыз етілген. Өрт сөндіру бекеттерін Егінді, Ақтас, Мибұлақ, Борсеңгірде құру жоспарланып отыр. 2023 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындығын тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде дайындықтары төмен деңгейдегі 11 кент және ауыл әкімдеріне ескерту қағаздары тапсырылды.
Жаңаарқа бойынша жазғы дала өртіне шығатын барлығы 189 ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылып, олар 1124 жасақшы, 287 техника, 14 мотопомпаларымен, 145 аспалы өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілген. Табиғи өрттердің алдын алу үшін орман алқаптары, авто және теміржол бойымен 2400 шақырымда минералдандырылған жолақтар жасау жоспарланып, жұмыс жүргізіліп жатыр. 2017 жылы Ақтау ауылында, 2021 жылы Түгіскен ауылында өрт сөндіру бекеті ашылып, бүгінгі күнге дейін оң нәтижесін көрсетуде. 2023 жылы Ералиев, Бидайық және Орынбай ауылдарында өрт сөндіру бекеттер құру жоспарлануда.
Жиын соңында Ұлытау облысының әкімі Төтенше жағдайлар департаментіне, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаз маусымында орман және дала өртінің алдын алу мақсатында материалдық-техникалық базаны нығайтуды, елдімекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру жолдарын қарастыруды, сақтық шараларын қатаң сақтауды тапсырды.